Шахмат чемпионаты: Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь алғашқы ойында тең түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ян Непомнящий мен Дин Лижень әлем чемпионы атағы үшін матчтың бірінші партиясында тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.
None

Әлем біріншілігі матчында Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасындағы бірінші партияны шахматсүйер қауым асыға күткен еді.

Алтыншы жүрісте Ян Непомнящий (ақ фигуралар) аса сирек кездесетін вариантты таңдады, бұл осы күнге дейін оның партияларында, тіпті әлем матчтарындағы шахмат ойындарында да кездеспеген.

Янның алғашқы тосын жүрісі қытай гроссмейстеріне оңай тиген жоқ. Дин бірінші жүрісті жасау үшін ұзақ ойланып отырды.

«Дебюттік ақпен жүру өз жемісін берді, Дин Лижэнь 1-2 дәлсіздікке жол берді, оның позициясы төмендеді. Дегенмен, 29-шы жүрісте дағдарыс басталды. Қос гроссмейстер жағдайды өте жылдам бағалап, қытай чемпионы әрі қарай сенімді ойнай бастады. Позиция едәуір жеңілдеп, ферзьдерді айырбастағаннан кейін шахмат тақтасында түрлі-түсті пілдер пайда болғанда ойынның тең аяқталатыны түсінікті болды. 49-шы жүрісте қарсыластар қол алысып, тең ойынға келісті», - деп хабарлады федерация.

Еске сала кетейік, Астанада 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Онда Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен қытайлық Дин Лижэнь әлем чемпионы атағына таласады. Кеше танымал спортшылар баспасөз мәслихатын өткізіп, тілшілерді қызықтырған сұрақтарға жауап берген еді.

Сондай-ақ Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов шахматтан әлем чемпионаты неліктен Астанада өтіп жатқанын түсіндірді.

Чемпионатта Қазақстанның шахматшы қыздары әлем құрамасына қарсы ойнайды.


Соңғы жаңалықтар