ШАХМАТ: Фаррух Амонатов блиц бойынша Еуразия кубогын жеңіп алды (ФОТО)

Жарысқа құрлықтың 30 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Турнирдің жалпы жүлде қоры 100.000 АҚШ долларын құрады.
Жарыстың қорытындылары бойынша 16 ұпай алған Орталық Азияның күміс жүлдегері Фаррух Амонатов (Тәжікстан) Еуразия Кубогының алтын медаль иегері атанды. Спортшы 30 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай жүлдеге ие болды. Екінші орын иегері (сондай-ақ 16 ұпай) 25 жастағы Еуропа чемпионы Ян Непомнящий (Ресей) 20 000 АҚШ долларын иемденді. Еуразия Кубогының қола медалі және 14 000 АҚШ доллары өз елінің екі дүркін чемпионы және бес олимпиаданың қатысушысы Баадур Джобаваға (Грузия) табыс етілді. Ол 15.5 ұпай алды.
Ринат Джумабаев (13.5 ұпай) пен Гүлісхан Нақбаева (11) турнирдің үздік қазақстандық шахматшылары атанды. Қазақстан шахмат федерациясы соңғы аталған екі спортшыны 1000 АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай жүлделермен марапаттады.
Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, Суретшілер одағының және елдің Көркемөнер академиясының мүшесі, «Құрмет» орденінің кавалері Крым Алтынбеков лазурит пен алтыннан жасалған Еуразия Кубогын әзірледі. Ол «Алтын адам», «Берел аттары», «Сармат жауынгері» және т.б. сияқты көне көшпенділердің киімдері мен атрибуттарды қалпына келтіру бойынша жаңғыртушы-суретші болып табылады.
Блиц бойынша Еуразия Кубогында әйелдер арасында қазіргі әлем чемпионы Ифань Хоу (Қытай), блиц бойынша әлемнің үш дүркін чемпионы Александр Грищук және әлем Кубогының иегері Петр Свидлер (екеуі де - Ресейден), Қытай чемпионы Ван Хао, блиц бойынша әлем чемпионы Ле Куанг Льем (Вьетнам), Еуропаның екі дүркін чемпионы, жылдам шахмат бойынша әлем чемпионы Шахрияр Мамедьяров (Әзербайжан) қатысты.
Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Анатолий Карпов Кубоктың құрметті қонақтарының бірі болды.