Шахмат фестивалі: әр спортшы 15 қатысушымен бір уақытта ойнады

None
Фото: Шахмат фестивалінің ұйымдастырушылары
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада шахматшы балалар мен барлық жаңадан келген ойыншылар үшін бірегей шара өтіп жатыр. Әлемнің үздік ойыншылары – гроссмейстерлер «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестиваліне қатысушылармен бір уақыттағы сессияларда өз шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір мезгілдегі ойын сеансы – жарыстың әсерлі және қызықты форматы. Бір мықты шахматшы әртүрлі тақтада төменгі деңгейдегі бірнеше қарсыласпен ойнайды. Ұйымдастырушылар бұл форматты фестиваль бағдарламасына міндетті түрде енгізген.

«Бұл сессиялар балалар мен жаңадан бастаған шахматшыларға шахматты үйренуге, жаттығуға, мотивация алуға және шабыттануға бірегей мүмкіндік береді. Гроссмейстермен партия қатысушыларды ойынмен жоғары деңгейде таныстырады. Сонымен қатар, мұндай форматтар кең аудиторияда шахматқа деген қызығушылықты оятады», - дейді спортшы Динара Сәдуақасова.

13 шілдеде ниет білдірушілермен қазақстандық гроссмейстер, Азия ойындарының чемпионы, шахматтан ерлер арасында Қазақстанның үш дүркін чемпионы Мұртас Қажгалеев пен әйгілі украиналық гроссмейстер Виталий Бернадский ойнады.

Спортшылардың әрқайсысы 15 қатысушымен бір уақытта ойнады, олардың арасында әртүрлі дайындық деңгейіндегі шахматшылар да болды.

«Шахмат – бізге әрқашан қуаныш пен күшті эмоция сыйлайтын ғажайып өнер. Мен жас қарсыластарыммен сөйлесіп, сеансты тек жарыс ретінде ғана емес, сонымен қатар тәжірибе ретінде қабылдау керектігін айттым. Ойындардың нәтижелеріне қарамастан, оқуды жалғастыру және жетілдіру маңызды. Әрбір ойын болашақта қолдануға болатын құнды сабақ пен тәжірибе әкеледі», - дейді Мұртас Қажғалеев.


Ал, 14 шілдеде қатысушылармен Динара Сәдуақасова және беларусь гроссмейстері Владислав Ковалев ойнайды.

Еске салайық, «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестивалі әлемнің 16 елінен 800-ден астам ойыншының басын қосты. Тіркелушілердің едәуір бөлігі – балалар.

Турнирлердің жүлде қоры – 40 миллион теңге, бұл – рекордтық сома. Осы қаражат аясындағы арнайы жүлделер балалар, әйелдер мен шахмат ардагерлеріне де қарастырылған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 11-19 шілдеде елорданың 25 жылдығына орай «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестивалі өтіп жатыр.

«Астана жұлдыздарының» ерекшелігі мен маңызы – «FIDE ұйымдастырушысы» атағына арналған семинар. Мұндай іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.


Соңғы жаңалықтар