Шахмат: Қызылордада Динара Сәдуақасова шеберлік дәрісін өткізді
Халықаралық гроссмейстер Динара Сəдуақасова Қызылордада алғаш рет шеберлік дәрісін өткізді. Сол арқылы ол Қазақстанда шахмат ойынын кеңінен насихаттауға көңіл бөліп келеді.
Ол биылғы жылы еліміздің көптеген қалалары мен облыс орталықтарында бір мезгілде шеберлік дәрісін және турнирлер өткізіп келеді.
Бүгінгі шеберлік дәрісіне Сыр өңіріндегі 1-3 разрядтағы 25 жасөспірім қатысты.
Оның қорытындысы бойынша Динара Сәдуақасова ең қызықты ойын көрсеткен шахматшылар - Сұлтан Аманжол мен жасы ең кіші 6 жастағы Айжұлдыз Қанатқызына өз тартуын жасады. Оларға өзінің биыл желтоқсан айында жарық көрген «Шахмат оқып үйренейік» атты кітабын сыйға тартты.
Биыл шахматтан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қызылордалық Əсел Серікбай алтын медаль жеңіп алды.