Шахмат олимпиадасында қазақстандық қыздар сайыстың фаворитінен жеңілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Үндістанның ұлттық командасынан ұтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.
None
None

Қазақстандық шахматшылар аталған сайыстағы 10-шы матчын Үндістан құрамасына қарсы өткізіп, 0,5-2,5 есебімен жеңілді.

Бұл жолы Бибісара Асаубаева тең ойнаса, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева үндістандық шаматшыларға есе жіберді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы жарыс рейтингі бойынша үздік үштікте болған еді.


Фото: sports.kz



Соңғы жаңалықтар