Шахматшы Қазыбек Нөгербек 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды

нөгербек
Фото: instagram.com/kzchessfederation

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Қазыбек Нөгербек 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды.

Дүбірлі дода 2-13 маусым аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында өтті.

Оған дүниежүзінен 123 қатысушы келді. Олардың қатарында 3 гроссмейстер және 28 халықаралық шебер бақ сынады.

Әлем чемпионатында екінші орын армениялық Эмин Оханянға бұйырса, үздік үштікті сербиялық Лука Будисавлевич түйіндеді.

Қазірге дейін мұндай жетістікке елімізден үш шахматшы қол жеткізді.

Атап айтқанда, Дәрмен Сәдуақасов — 1998, Динара Сәдуақасова — 2016, Жансая Әбдімәлік — 2017 жылы жеңіс тұғырынан көрінген. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Алматыда шахматтан 26-шы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өткен еді.

Турнирге Азияның 34 елінен 7-18 жас аралығындағы 650-ге жуық жас ойыншы жиналды.

Соңғы жаңалықтар
telegram