Шахматтан әлем чемпионаты: Ян Непомнящий - Дин Лижэнь үшінші партияда тең түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында өтіп жатқан әлемдік шахмат тәжі үшін Ян Непомнящий және Дин Лижэнь ойынының үшінші партиясы тең аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шахматтан әлем чемпионаты: Ян Непомнящий - Дин Лижэнь үшінші партияда тең түсті

Еллордада 7 сәуір - 1 мамыр аралығында шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Аталған бәсеке 14 партияға жоспарланған. Онда Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен қытайлық Дин Лижэнь әлем чемпионы атағына таласуда.

Үшінші партияда қарсыластар тең ойынға қанағат білдірді. Олар 30 жүрісте тең ойынға келісті. Осылайша Ян Непомнящий әзірге алда тұр. Есеп - 2:1.

Кездесу 13 сәуірде де жалғасын табады.

Еске салсақ, Ян Непомнящий екінші кездесуде қытайлық қарсыласынан басым түсті.