Шахматтан Астанадағы әлем чемпионаты: 11-ойын тең аяқталды

None
Фото: championat.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Астанада ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь арасында шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионы атағы үшін матч жалғасты. 11-ойында тең есеп тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сhampionat-ке сілтеме жасап.

11 партия тартысты өтті. Нәтижесінде бір жарым сағаттан кейін, 39-ыншы жүрісте гроссмейстерлер ойынды тең есеппен аяқтады.

Матч соңына дейін үш партия қалды. Есеп әзірге ресейлік шахматшының пайдасында – 6:5.

Кеше Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь 10-партияны ойнағанын жазған едік.

Регламентке сәйкес әлем чемпионы атағы үшін матч 14 партиядан құралған. Тең есеп тіркелген жағдайда 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Егер тай-брейкте де жеңімпаз анықталмаса, шахматшылар блицте шеберлік байқасады. Одан әрі «өлім партиясы» бар.

Еске салайық, Астанада 7 сәуір - 1 мамыр аралығында шахматтан әлем чемпионаты өтуде. Онда ресейлік Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен қытайлық Дин Лижэнь әлем чемпионы атағына таласып жатыр.


Соңғы жаңалықтар