Шахматтан Азия чемпионатында Ксения Балабаева қола алды
АСТАНА. KAZINFORM - Біріккен Араб Әмірлігінің Әл-Айн қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық 19 жасар спортшы Ксения Балабаева классикалық шахматтан Азия чемпионатында қола медаль алды.

7-15 мамыр аралығында болған дүбірлі додада Ксения швейцариялық жүйе бойынша сайыста сынға түсті. Онда 23 елдің 100 шахматшысы бақ сынады. Олардың арасында 2 гроссмейстер және 13 халықаралық cпорт шебері бар. Әлем чемпионатында Ксения 9 ұпайдың 7-ін жинады.
Отандасымыз соңғы турда 2024-2025 жылғы ФИДЕ-нің әйелдер арасындағы Гран-приіне қатысушы, моңғолиялық Батхуягийн Монгонтуулды (рейтингі 2359) қапы қалдырды. Осылайша үздік үштіктен көрінді.
Чемпионат басталарда қазақстандық шахматшылар үздік ондықтағы ойыншылар қатарына кірмеген еді. Сол себепті бұл біз үшін ерекше жүлде.
Айта кетейік, Азия чемпионаты әйелдер мен ерлер арасындағы әлем кубогына іріктеу кезеңі саналады.
Айта кетсек, бұған дейін блиц турнирде Алуа Нұрман Азия чемпионы атанды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингідегі орнын жақсарта түсті.