Шахтадағы апат: Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері оқиға орнында

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Кенiштегi ТЖ салдарын жоюға көмек көрсету үшін қосымша «АСС Сериктес» ЖШС құтқарушылар тобы жіберілді.

Шахтадағы апат: Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнында
Фото: ҚР ТЖМ

Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнында.

- ТЖМ командалық орталығының, Ұлытау облысы ТЖД базасында және оқиға орнында жедел штабтар жұмыс істейді. Ақпарат алу үшін «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды: 8 (7172) 55-96-21, - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ Командалық орталығында бейнеконференциялық байланыс арқылы авариялық-құтқару жұмыстары бойынша жедел штабтардың іс-қимылдары үйлестірілді.

Шахтадағы апат: Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері оқиға орнында
Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков, Ұлытау облысы ТЖД бастығы Есен Байыров, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев оқиға орнында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 16:50-де Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалды.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жөнелтілді. Кабельдердің үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс жоқ. Шахтада қалған жұмысшылардың тізімі белгілі болды.

Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылған еді

 

Соңғы жаңалықтар