13:36, 11 Желтоқсан 2014 | GMT +5
«Шахтер» ФК-ның бас жатықтырушысы болып Владимир Чебурин тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шахтер» футбол клубының бас жаттықтырушысы болып Владимир Чебурин тағайындалды, деп хабарлады команданың баспасөз қызметі.
«2014 жылдың 11 желтоқсанында Қарағанды облысы әкімдігінің ғимаратында кездесу өтіп, онда «Шахтер» футбол клубының бас жаттықтырушысын тағайындау мәселесі сөз болды. Құрамаға Владимир Николаевич Чебурин жаттықтырушы болып белгіленді, ол «Шахтер» ФК-мен келісімшартқа қол қойды. Владимир Чебурин есімі «Шахтердің» әрбір жанкүйеріне белгілі. Себебі осы кісінің арқасында команда 2009 жылы Чемпионаттың қола медальдарына ие болды», - делінген таратылған хабарламада.
Владимир Чебурин Виктор Кумыковтың орнын ауыстырды. Ол маусым қорытындысы бойынша командадан кетті.