«Шахтер» футбол клубы сенімді басқаруға өткізілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін, 27 қазан күні Қарағанды облысы мемлекеттік сатып алулар басқармасында «Шахтер» футбол клубы мен «Сарыарқа» хоккей клубын сенімді басқаруға өткізу бойынша бірінші тендер жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Шахтер» футбол клубы сенімді басқаруға өткізілді

«Шахтер» футбол клубы Қарағандыдағы қоғамдық бірлестіктердің бірінің сенімді басқаруына өтеді. Клубтың басқарушы компаниясы болу мүмкіндігіне үш заңды тұлға таласты. Өткізілген  бағалауға байланысты, бастапқы баға 1 000 теңгені құрады, ал сату бағасына 380 миллион теңге көлемінде ұсынылды. Сенімді басқарушы бес жылдан кейін спорт клубын осы бағаға өзінің жеке меншігіне айналдыра алады», - деп хабарлады Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Өтініштердің жоқтығына байланысты, «Сарыарқа» хоккей клубы бойынша аталған тендер өткізілмеген деп танылды.  Бастапқы бағадағы 161 миллион теңгеге ниет білдірген сенімді басқарушылар табылмады. Ережеге сәйкес, келесі жолы клуб бағасы 50 пайызға дейін төмендетіледі. Екінші сатылым 17 қарашаға белгіленді.