«Шахтер» саңлағы А. Финонченко - Қазақстан-2013 чемпионатының үздік футболисі

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Қарағандылық "Шахтер" мен Қазақстан құрамасының футболисі Андрей Финонченко Қазақстан-2013 чемпионатының үздік футболшысы атағы сауалнамасында жеңімпаз атанды,
None
None

деп хабарлады Sports.kz.

Кездейсоқтықты болдырмау үшін бұл сауалнама премьер-лига құрамаларының футболистері мен бас жаттықтырушыларының арасында жүргізілді. Қорытынды нәтиже футболистердің ай сайынғы жинаған ұпайларынан жасалды.

Бәрі екшеле келе, «Шахтер» командасы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы, кеншілер капитаны Андрей Финонченко Қазақстанның өткен чемпионатында үздік футболист болып танылды. Өзінің клубымен бірге ол осы кезеңде Суперкубок пен Қазақстан Кубогының иегері атанды. Олар Еуропа Лигасының топтық раундына қатысу құқығына ие болды. Қазақстан құрамасының қатарында екі жарым жыл болмаған саңлақ спортшы 4 ойынға қатысып, 2 гол соққан. Ал іріктеу матчында Қазақстан құрамасына 4 ұпай әкелді. Сондай-ақ, өткен маусымда Қазақстан чемпионатында «Шахтер» үшін қақпаға соққан голдар санын 97-ге жеткізді. Осылайша Руслан Иманқұловтан озып, Қарағанды клубының жаңа тарихында үздік шабуылдаушы атанды.

Соңғы жаңалықтар