Шахтерлердің зейнет жасын төмендету мәселесі қаралады - еңбек министрі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кеншілердің зейнет жасын төмендету мәселесі қаралатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір арнайы жұмыс тобы құрамында Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу агенттігінің және зиянды өндірістердегі кәсіподақтар өкілдері қамтылған. Шахтерлер зейнет жасын төмендету мәселесін көтеріп отыр. Зейнет жасын төмендетуге болады. Бірақ, зейнетақының көлемі қандай болады? Негізгі мәселе осы ғой?! Ертең ол адам 50 жаста зейнетке шығып, зейнетақысы төмен болса, онда қайтадан мәселе туындайтыны анық. Сондықтан, зейнетақы көлемін өсіруге назар аудару керек болады», - деді Т. Дүйсенова Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Соныман қатар, министр сақтандыру мәселесі де пысықталатынын айтты.

«Жалпы, осы үш-төрт бағыттың аясында зейнет жасын да, зейнетақы мөлшерін де дұрыс айқындау мәселесін шешуге тырысамыз», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Тамара Дүйсенова коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларының жалақысына қатысты пікір білдірді.

Фото: minval.az
Соңғы жаңалықтар