«Шахтинск» шахтасында бір жұмыскер тау-кен үйіндісінің астында қалып қойды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Шахтинск» шахтасында төтенше жағдай орын алды. Бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде бір жұмысшы тау-кен үйіндісінің астында қалып қойды. Зардап шеккен кенші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: leninsk-kuz.ru

Оқиға бүгін таңертең «Шахтинск» шахтасында орын алды. 34 жастағы жұмысшы бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде тау массасының астында қалып қойған.

«6 тамызда «Шахтинск» шахтасында зәкірді бұрғылау кезінде кенжардың жоғарғы бөлігінен тау-кен массасының шоғыры опырылып, құлаған. Салдарынан үңгуші жарақат алды», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.

УПР-1 учаскесінің қызметкерлері үңгушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бірден оны шахтаның бетіне шығарған. Содан кейін реанимациялық-шокқа қарсы топ бригадасы зардап шеккен кеншіні Қарағанды қаласындағы Х. Мақажанов атындағы клиникаға жеткізді.

«Науқас төс сүйегінің сынуымен келіп түсті. Дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақты. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі уақытта іс тергелуде, деп толықтырды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.


Соңғы жаңалықтар