12:05, 04 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Шахтинскіде 5 қабатты үйде өрт болып, ер адам қаза тапты
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 5 қабатты көппәтерлік үйдің пәтерлерінің бірінде өрт болды.

Оқиға сенбі күні 19 сағат 22 минутта орын алып, ол 19 сағат 44 минутта сөндірілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 адамнан құралған жеке құрамы және 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрттің аумағы 2 шаршыметрді қамтыды. Оқиға орнынан егде ер адамның мәйіті табылды.