Шахтинскіде қаза тапқан кеншілердің есімдері жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» шахтасында апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі. 31 тамыз күні 4 сағат 21 минутта 332 Д6-з № 1желдеткіш түйісімінде (қазба жүргізгіш кеншар) Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында кенеттен көмір құлап мен газ таралған.
None
None

Апат кезінде шахтада 136 адам болған, оның үшеуі апаттық өндіруде қалған. 5 сағат 35 минутта шахта жұмысшылары үш адамның өлі денесін тапты. Таңғы сағат 7-де қаза тапқандардың денесін жоғарыға шығарып, эвакуациялау басталды. 7 сағат 05 минутта шахтаның барлық жұмысшылары - 130 адам жердің бетіне шығарылды. Тек үш жұмысшы апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Қаза тапқандар жайлы мәлімет:

1. Ахметжанов Рустам Ренатұлы, 23.03.1983ж., үйленген, 3 баласы бар.

2. Руденко Валерий Валентинович, 18.05.1980 ж., үйленген, 2 баласы бар.

3. Шебанов Максим Сергеевич, 24.05.1986 ж., үйленген, 1 баласы бар.

Бұл жұмыстарға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі» РМК Қарағанды мен Шахтинскідегі 7 бөлімшесінің 60 адамы мен 9 техникасы тартылды. 

Соңғы жаңалықтар