Шахтинскіде опырылып түскен үйдің астынан тағы бір адамның мәйіті табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсуі салдарынан қаза тапқандар саны 2 адамға жетті.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
1 қаңтар күні 22:40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөліміне Шахтинск қаласы Шахан ауылындағы көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскені туралы хабар түскен.
Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД құтқарушылары жөнелтіліп, тұрғындар эвакуацияланды.
Бұған дейін 1 адамның мәйіті үйінді астынан шығарылған болатын.