Шахтинскіде «Тентек» шахтасында қаза болғандарды соңғы сапарға шығарып салды

деп хабарлайды Қарағанды облысының ТЖ жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиғаның себептерін тексеру жөніндегі арнайы комиссия өз жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды облыстың ТЖД баспасөз қызметі. 13 лауазымды тұлғадан жауап алынды. Басып қалған аймақтың 20 метрі (200 текшеметрге жуық) тазаланды.
Жауап бергендер қатарында - зардап шеккен Василий Штенцель де бар, оның жағдайы қазір жаман емес. Комиссия мүшелері мен оның төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров бүгін зардап шегуші жатқан ауруханада болды.
«Өлім себептері мен жарақат сипатын анықтау жөніндегі комиссияның алдын ала мәліметтеріне қарағанда, екеуі улану, ал үшіншісі тұншығу себебінен қайтыс болған. Кісі өлімінің нақты себебі қаза болған кеншілердің органдары мен олардың дене талшықтарына толық сот-гистологиялық зерттеу жұмыстарының қорытындысы алынғаннан кейін анықталады», - деп түсіндіреді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.