12:30, 30 Мамыр 2015 | GMT +5
Шахтинсктегі балалар аттракционында 2 жасар қыз бала мерт болды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шахтинск қаласында саябақтағы жұмыс істеп жатқан әткеншектің астына түсіп қалған 2 жасар қыз бала қаза тапты, деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

«Қайғылы оқиға Шахтинск қаласының саябағында орны алған. Әжесімен бірге қыдырып жүрген қыз бала аққулар түріндегі әткеншек тұрған қоршаудың ішіне кіріп, қозғалған механизмнің астына құлап кетті. Бала алған жарақаттарынан көз жұмды», - деді қалалық прокуратурадан.
Аталған фактімен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп отыр. Енді қауіпсіздік шараларының сақталу-сақталмауын анықтау міндеті тұр.