Шәкәрім атындағы Семей университетінің студенттері «Болашақ» бағдарламасы бойынша білімдерін жалғастаруда

СЕМЕЙ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті және магистранты «Болашақ» халықаралық президенттік стипендияның иегері атанды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ендігі жерде инженерлік технология факультетінің бірінші курс студенті, болашақ биотехнология маманы Айнұр Мұхтарғалиева білімін Ұлыбританияда жалғастыратын болса, «химия» мамандығына оқыған осы университеттің түлегі Зәуре Әбішева Германияға барады.Жоғары оқу орны ұстаздарының айтуынша, қыздардың білім алуға деген құштарлығы өте зор, зерек және алғыр болған. А. Мұқтарғалиеваның студенттік ғылыми конференцияға ұсынылған Қазақстан тарихы жөніндегі жұмысын ұстаздар қауымы жоғары бағалап отыр. З.Әбішеваның да ғылыми ізденістері мол. Ол ? университет базасында өткен көптеген ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жеңімпазы атанды.
Соңғы жаңалықтар