Шәкір Ибраев Халықаралық түркі академиясының президенті болып сайланды - ҚР БҒМ

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Халықаралық түркі академиясының президенті болып түркітану саласы бойынша танымал ғалым Шәкір Ибраев сайланды. Бұл туралы 10 қарашада белгілі болды,
None
None

деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов жуырда Халықаралық түркі академиясында болды. Түркі халықтарының мұражайы мен кітапханасымен танысқаннан кейін ведомство басшысы академия ұжымының алдына бірқатар міндеттер қойды.

Шәкір Ибраев - филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған. Қазіргі уақытта Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры.

Соңғы жаңалықтар