Шала сөнген темекі тұқылы ақмолалық ерлі-зайыптының өмірін қиды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ерлі-зайыптылар иіс тиіп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шала сөнген темекі тұқылы ақмолалық ерлі-зайыптының өмірін қиды

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қайғылы оқиға 26 қаңтарда Астрахан ауданының Таволжанка ауылында орын алған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы көрсеткендей қайғылы оқиғаға төсекте жатып темекі шегу себеп болған.

«Шала сөндірілген темекі тұқылынан шыққан өрт пен түтінен (көмірқышқылы газы ) əйел адам оқиғаға орнында қайтыс болса, оның күйеуі ауруханада көз жұмды», деп мәлім етті облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук.

Ал, өзге бөлмеде ұйықтап жатқан баланы үйдің іші түтіндеп жатқанын бірінші байқаған әрі  көмекке келген көршісі құтқарып қалды.