Шалғамның денсаулыққа пайдасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарапайым шалғам адам ағзасына қажетті емдік дәрумендердің көзі болып келеді, деп есептейді мамандар.
None
None

Диетологтар күнделікті тағам рационына, әсіресе көктем-жаз кездерінде, шалғамды қосқан жөн деп санайды. Шалғамда калория аз. 100 грамм шалғамда бар-жоғы 14 ккал болады. Сол себепті шалғамнан еш толмайсыз. Керісінше шалғам май жиналудың алдын алып, зат алмасу процесін жақсартады.

Шалғам жөтел кезінде жақсы көмектеседі, сонымен қатар иммунитетті көтереді, обаға қарсы күреседі. Ағзадағы қант мөлшерін қалыпқа келтіреді. Оның құрамында қан қысымын төмендететін С дәрумені мен калий бар.

Сондай-ақ шалғамды косметикалық процедура кездерінде де пайдалануға болады. Оның құрамындағы С дәрумені бетіңізді нәрлендіруге және ылғалдандыруға көмектеседі, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар