12:47, 14 Шілде 2009 | GMT +5
Шалғай аудандағы музыка мектебі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды - Батыс Қазақстан облысы
ОРАЛ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәнібек аудандық музыка мектебі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мектеп директоры Алтай Бақтығалиевтің айтуынша, осы мақсатқа 19 млн. 974 мың теңге бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстарын «Символ» ЖШС (директоры Ескендір Елемесов) құрылысшылары мерзімінен бұрын, екі айдың ішінде атқарып шықты.
1956 жылы салынған ғимарат содан бері жөндеу көрмеген болатын. Қазіргі заманғы талапқа сай толық жаңартылған мектепте жеткіншектер өз өнерлерін ұштайтын болады.