Шалғайдағы аудан жылыту маусымына дайын - БҚО

аталған әлеуметтік нысандардағы жылу жүйелерінің қысқы маусымға дайындығымен танысты.
Аудан әкімі нысандарда орналасқан жылыту қазандықтарын аралаған кезде бәрі де қысқы кезеңге толықтай дайын екеніне көз жеткізді.
Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еділ Хабиевтің айтуынша, аудандағы барлығы 50 әлеуметтік нысанның 12-сі үлкен қазандықпен жылытылса, соның алтауы аудан орталығында орналасқан. Ал қалған әлеуметтік нысандар тұрмыстық шағын қазандықтар арқылы жылытылады. Табиғи газ жеткізілмеген Құрсай, Өнеге елді мекендеріндегі бастауыш мектептерге қатты отынға қажеттілік 12 тоннаны құрап, шілде айында отынмен толық қамтылды. Күні бүгін барлық білім беру мекемелері жылыту маусымына тастүйін әзір. Аудан орталығындағы және ауылдық округтердегі елді мекендердегі ірілі-ұсақты 16 денсаулық сақтау мекемелерінің қысқы кезеңге дайындығы ойдағыдай. Көгілдір отын тартылмаған Майтүбек, Ақадыр, Өнеге, Көлтабан, Құрсай елді мекендерінде орналасқан емдеу нысандарының әрқайсысына 5 тонна көмір жеткізілді. Сондай-ақ табиғи газы жоқ Өнеге, Еңбекші, Жігер, Майтүбек, Ақадыр елді мекендеріндегі кітапханалардың әрбіреуі 3 тонна көмірмен қамтамасыз етілді. Жалпы, аудандағы 17 кітапхана да жылыту маусымына дайын.
Алдағы 15 қазанда әлеуметтік нысандардың барлығы жылыту жүйелеріне қосылмақ.