19:00, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Шалғайдағы ауданда жаңа үйлер пайдалануға берілді
ОРАЛ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жәнібек ауданы орталығында бір пәтерлік үш үй және үш пәтерлік бір үй пайдалануға берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Рысбай Өтешевтің айтуынша, мұндай үйлер жоғары оқу орнын бітіріп келген дәрігерлерге, басқа да мамандық иелеріне берілетін болады. Оларға пәтер кілтіне қоса 200 мың теңге көтерме ақы да тапсырылады.
Жаңа үйлердің біріне Ақтөбе медицина академиясының 2007 жылғы түлектері Дәулетияр мен Асылзат Сәрсенғалиевтер орналасты. Жас отбасыға аудандық аурухана ұжымы асүй жиһазын сыйға тартты.