Шалғайдағы ауылда емхана ашылды

ОРАЛ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылында дәрігерлік емхана ашылды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлініп, емдеу орнын Оралдағы «АЖАС» ЖШС ( директоры Армат Төлегенов ) сапалы тұрғызды.

Жаңа үлгіде салынған емханада барлығы 21 бөлме орналасқан. Дәріхана, зертхана, ем-шара жасау бөлмелері бар емдеу орны қазіргі заманғы аппаратуралармен, жиһаздармен қамтамасыз етілген.

Аудан әкімі Рыспай Өтешевтің айтуынша, 2010 жылы Ұзынкөлде мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіледі. Орта мектеп ғимаратын жөндеу де қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар