«Шалқар-Бейнеу» жолы учаскесін 2 мың адам салды - С.Ерғожин

Телекөпір барысында құрылыстың бастапқы нүктесілернен: Маңғыстау облысының Бейнеу стансасынан, Ақтөбе облысындағы Шалқар стансасынан, Қызылорда облысындағы Сексеуіл стансасынан, Қостанай облысындағы Арқалық қаласынан және Жезқазған қаласынан тікелей қосылу болды.
«Шалқар-Бейнеу» жолы учаскесінің құрылысы 2012 жылғы қыркүйекте басталды. 2 жылдың ішінде 498 шақырымдық басты жол және 52 шақырымға стансалық жолдар төсемі салынды. 2 құрылыс-монтаж пойыздары: «Шалқар» ҚМК және Бейнеу» ҚМК жұмыс жасады. Жолда жоғары қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін байланыс дабылы жүйесі және жаңа технологиялар қолданылуда. Құрылыста барлығы 2 мыңдай жұмысшы еңбек етті. Бұл үлкен жетістік деп ойлаймын», - деді «Теміржол Жөндеу» ЖШС бас директоры Саянтай Ерғожин.
2012 жылғы маусымнан 2014 жылғы тамызға дейінгі құрылыс кезеңінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ үлкен жұмыстар көлемін атқарды: 1200 шақырымнан астам жол төселіп, түйістірілді, қызметкерлер мен қызмет көрсететін жұмысшыларға тұрғын үй нысандары салынды, қажетті инфрақұрылым тұрғызылды.
Жаңа темір жолдардың орналасуы батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай жүк тасымалы қашықтығын елеулі қысқартуға мүмкіндік береді, Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтеді.