Шалқар көлі жағасындағы «Ақшағала» лагеріне демалушылардың алғашқы легі келді

ОРАЛ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының Шалқар көлі жағасындағы Сарыөмір ауылында орналасқан Ақжайық ауданының «Ақшағала» лагеріне демалушылардың алғашқы легі келді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл жетінші рет өз есігін айқара ашып отырған «Ақшағала» лагері 17 миллионға жуық теңгеге күрделі жөнделді. Бұл жұмысты «Балтемен» ЖШС құрылысшылары атқарды. Сондай-ақ лагерь жаңа құрал-жабдықтармен, компьютермен толықтырылды.

Аудан әкімі Абай Иманғалиев алғашқы лекпен келген қырық баланы демалыстың басталуымен құттықтап, жағдайларымен танысты. Ауданда сондай-ақ «Жас қыран», «Атамекен», барлық мектеп жанындағы лагерьлер де жұмыс жасауда.

Ауданда оқушылардың 97 пайызы демалыспен қамтылмақ. 140 ұл-қыз Бурабайда тынығатын болса, Орал қаласы мен Бөкей ордасының тарихи жерлеріне саяхаттар да жоспарланып отыр. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 16 жастағылар еңбек ете алады.

Соңғы жаңалықтар