13:02, 24 Тамыз 2022 | GMT +5
«Шалқар-Ырғыз» трассасында 3 адам мерт болып, үш жасөспірім ауруханаға түсті
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам мерт болды, үш жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тамыздың 23-інен 24-іне қараған түні шамамен сағат 00:50-де «Шалқар – Ырғыз» автожолының 91-шақырымында Toyota Estima автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза болды. Сонымен қатар 3 жасөспірім Шалқар қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды!», - делінген полиция мәліметінде.