Шалқияда құны 165 млрд. теңгені құрайтын жоба құрылысы басталады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Шалқия - дүние жүзіндегі мырыш өндіретін ең ірі бес кеніштің бірі. Бүгін Астанада Индустрияландыру күні аясында өтетін телекөпір барысында қорғасын мен мырышты өндіру үшін полиметаллдарды өндіріп және байыту жобасы таныстырылады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасай отырып хабарлады.
None
None

Онда құны 165 млрд. теңге тұратын инновациялық тік-конвейерлі руданы шығару технологиясы қолданылады. Толықтай іске қосылған кезде мың бес жүз (1500) жаңа жұмыс орны ашылады.

«Шалқия» тәуелсіз елімізді әлемдік мырыш нарығындағы негізгі өндірушіге айналдырады. Өнімге деген сұраныс өте жоғары.

Кен орны Жаңақорған ауданында орналасқан. Кәсіпорын 2018 жылдан бастап  2 млн. тоннаға дейін кен өндірсе, 2020 жылдан бастап оның қуатын  жылына 4 млн. тоннаға дейін жеткізеді. Нарықта оның өнімдерін ТМД елдері мен алыс-жақын өзге де мемлекеттер пайдаланатын болады. Әуелде  мың жарым адам жұмыспен қамтылса, мердігер компанияларды тарту барысында  тағы да мың адам қамтылады деп межеленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар