Шамадан тыс кредит алғандарға арналған кеңселер ашылып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Елімізде несие алып төлей алмай жүрген азаматтарға кеңес беретін арнайы кеңсе жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.

деньги
Фото: Kazinform

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында арнайы жол картасы әзірленіп, бекітілді. Ол 6 негізгі бағыт бойынша 25 іс-шараны қамтиды. Жол картасының әрбір бағыты бойынша жұмысты үйлестіру үшін әкімдіктерде жауапты лауазымды тұлғалар бекітілді. Республикалық маңызы бар 3 қалада және еліміздің 17 өңірінде халықпен тікелей жұмыс істейтін өңірлік жобалық кеңселер құрылып жатыр», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бүгінде халықтың шамадан тыс кредит алуы проблемасы өзекті.

«Жобалық офистердің негізгі міндеті мерзімі өткен кредиттерді реттеу, қаржылық алаяқтықтан қорғау, сондай-ақ, азаматтардың банкроттық мәселелерін шешуге, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және бизнесті қолдау шараларын ұйымдастыру. Әкімдіктер жобалық офистердің жұмысы үшін қажетті ғимараттар мен материалдық-техникалық базаларды бөледі. Оған банктер қаржылық жағынан ықпалдасатын болады. Жобаның тағы бір маңызды бағыты – азаматтардың, оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар