Шамалғанның барлық тұрғындары Мемлекет басшысының жерлесі екендігін мақтан тұтады - Елбасының кішкентай Отанынан репортаж

АТЫ. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Бүкіл еліміз атап өтетін үлкен мерекелер - Астана күні мен ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні қарсаңында ҚазАқпарат тілшісі Мемлекет басшысының кішкентай Отаны - Алматы облысындағы Қаскелең ауданының Шамалған ауылына «саяхат» жасады. Мұнда оның балалық және жастық шағы өткені белгілі.
None
None

Н.Назарбаев оқыған мектеп пен оның жанындағы мұражай ауылдың бас көшесінде орналасқан. Мұнда бұрын бір қабатты ғимаратта приходтық бастауыш мектеп болған, кейіннен ол Д.Фурмановтың есімімен аталды. Қазақстанның болашақ Президенті біріншіден және төртінші сыныпқа дейін нақ осы мектепте білім алды. Бүгінде бұл білім ортдасы және мектеп жанындағы мұражай осы жерде туып-өскен, елімізді қалмақтардан қорғаған әйгілі Қарасай батырдың есімімен аталады. Бүгінде осы атақты мектепте 700-ге жуық оқушы білім алады.

Өкінішке орай, Шамалғанда кішкентай бүлдіршін Нұрсұлтанды білетін адамдардың көзі азайған. Президенттің ауылдастарының бірі қырық жылдан астам педагогтік өтілі бар Күләш Әмірова оны бала кезінен білетінін айтты, өйткені ол Нұрсұлтан Әбішұлымен қатарлас сыныпта оқыған. Оның айтуынша, Нұрсұлтан қашан да қағылез, бәріне де үлгеретін, үлкен ұйымдастырушы, сонымен қатар өте салмақты болған. Оқуда да табанды болыпты, әсіресе техникалық пәндерге ерекше зейін қойған. Спортты да жанындай сүйіп, үнемі айналысқан. Сонымен қатар ол музыканы да жатсынбаған, әнді сүйіп айтатын. Бүгінде біздің Президенттің сүйікті әндерінің бірі - «Заречная көшесіндегі көктем» кинофильміндегі ән болғанын көбі біледі.

 «Біздің ұрпақтың ерік-жігері, ұмтылысы, оқуға құштарлығы күшті болды. Сонау соғыстан кейінгі күрделі кезеңде кім-кім де жақсы білім алып, кәсіпті игеріп, елге, өзіне пайда келтіруді ойлады.  Біз әрқашан да ауыртпалықтарды иығымызбен көтеріп, алға ұмтылдық, біз ол кезде интернат нанымен өмір сүрдік, ал онда тәртіп мықты болды, ерте тұрып, кеш жаттық, оқумен қатар, әліміз келген жұмысқа араластық, біздің басты мақсатымыз - қайткенде де мектепті ойдағыдай бітіріп, жоғары оқу орнына түсу болды.  Біз әртіс болуға, саудада қызмет істеуге, дәрігер, педагог, инженер болуға талаптандық. Ал Нұрекең (Күләш апа оны осылай атайды) өнеркәсіпті, соның ішінде металлург мамандығын таңдады, ол кезде осы салаға келешегі зор жас мамандар өте қажет болатын.

«Енді бүгінде оның дұрыс таңдау жасағанын көріп отырмыз, ол білікті маманнан Мемлекет басшысына дейін көтерілді, бүгінде біз бейбіт заманда өмір сүріп, балаларымыз бен немерелерімізді өсірдік, оларға білім бердік, ең бастысы - біздің жас тәуелсіз және бейбіт еліміздің қалыптасуы мен гүлденуіне өз үлесімізді қосып келеміз. Біздің Президентіміздің сарабдал саясатының арқасында болашағымыз бұдан да жарқын болады деп ойлаймын. Қазақстан бүгінде бүкіл әлемге танылды, Елбасының идеясымен салынған көркем елордамыз - Астана - біздің басты жетістіктеріміздің бірі, бұл - біздің мақтанышымыз бен байлығымыз», - деді Күләш апа.

Бұрын өлкетану мұражайы болған, ал қазір Елбасының жеке заттары мен сыйлықтары көрмесіне айналған Қарасай батыр атындағы мұражай туралы мектеп директоры Меруерт Далабаева айтып берді. Оның айтуынша, мұражай оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеуде зор рөл атқаруда, мұнда ерекше бағдарлама бойынша арнайы сабақтар өтеді, онда мұғалімдер Президенттің өмірі мен қызметі, біздің азаматтарымыздың тұрмысын жақсартуда оның жүргізіп жатқан реформалары туралы әңгімелейді, Президенттің ел халқына Жолдаулары мен Үндеулерінің маңызын түсіндіреді. Міне осы шаралардың бәрі жастардың Отан сүйгіш рухта тәрбиеленуіне жол ашады. Мұражай аудандық ауқымдағы жұмыстармен шектеліп қалмай,  Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражаймен және Астанадағы ҚР тұңғыш Президентінің мұражайымен ынтымақтасып отырады.

Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевтың әр кездегі өмір жолын баяндайтын жергілікті суретшілердің картиналарымен бірге - бүлдіршін Нұрсұлтанның суреті, оның мектепте отырған партасы, оның ойнаған баяны, ескі магнитофон, анасы Әлжанның тігін машинасы бар. Ақсақалдардың айтуынша, Елбасының анасы үлкенді сыйлап, ата-баба рухын құрмет тұтқан әдепті де ізгі жан болған. Мұражайда басқа да осындай мекемелерден әкелінген көптеген экспонаттар бар. Мұнда келушілер егемен Қазақстан Президентінің ата-тек шежіресімен таныса алады, мұражай қызметкерлерінің деректері бойынша, оның түп-төркіні ел қорғаған Қарасай батырдан бастау алады, бүгінде аудан атауы оның құрметіне арналған.  Биылғы жылы көктемде атап өтілген мұражайдың 10 жылдығына арналған сыйлықтардың ішінде ҚР Президентінің басқа елден алып келген кәдесыйларымен бірге біздің Мемлекет басшымыздың әлемнің барлық елдерінің көшбасшыларымен маңызды кездесулерін бейнелейтін фотосуреттердің тұтас шоғыры орын алған.

М.Далабаева ҚР Президенті оқыған мектеп пен сыныптың макетін, өмір жолында Қазақстанның кең байтақ түпкір-түпкіріне шашылған сыныптастарымен бірге түскен суреттерін және Мемлекет басшысының алғашқы мұғалімі -Тәку Ысмайылованың портретін көрсетті. Мектеп директоры 2007 жылы өзінің кішкентай отанына келген сапарында Елбасы ауылды қайта түлету, сақталып қалған мектептерді нығайтып, жаңаларын тұрғызу жөнінде көптеген келелі әңгіме қозғағанын айтты. Оның сол жолғы сапарынан кейін жаңа мектеп-гимназияның құрылысы басталып, биылғы сәуір айында пайдалануға берілді. Ол осы заманғы оқу жабдықтарымен, бассейнмен, спорт және конференц-залдарымен, компьютерлік сыныптармен және шеберханалармен жарақтанған. Мұнда өзінің даңқты жерлесінің: өркениетті әлемде елдің негізгі бәсекеге қабілеттілігі халқының білім деңгейімен және оның жастарының білімділігімен өлшенеді деген сөздерін есте сақтайды.

М.Далабаеваның атап көрсеткеніндей, шілденің 6-сында - біздің Мемлекет басшысының туған күнінде - мектепте салтанатты шара, мұғалімдер мен ата-аналардың жиналысы өтеді.

Бүкіл қоршаған ахуал және тіпті ауыл табиғаты ерекшелігінің өзі ерекше рухты бойына сіңірген сияқты әсер қалдырады. Мұнда әрбір ауыл тұрғыны ел Президентінің жерлесі екендігін қастерлеп мақтаныш етеді.

ҚазАқпараттың анықтамасы:  Шамалған ауылы Алматы облысының батыс бөлігінде орналасқан Қарасай ауданының құрамына кіреді. Аудан 1929 жылы құрылған. Оның аумағы 2,3 мың шақырымды алып жатыр. Ауданда 12 ауылдық және бір қалалық округ бар. Аудан орталығы - Қаскелең қаласы. Аудан аумағында 160,1  мың адам тұрады, оның 34,5 мыңы - қала халқы, 125,6 мыңы - ауыл тұрғындары. Мұнда 30 ұлт пен халықтың өкілі тұрады. Қазақтар - 54,4, орыстар - 24,5, украиндар - 0,9, ұйғырлар - 2,5, немістер - 1,1, түріктер - 6,3, күрдтер - 2,2 пайыз. Халқының негізі ауыл шаруашылығы саласымен айналысады.   

Аудан климатына таулар айрықша рең береді. Оның аумағынан жоғары тау беткейіндегі қара топырақтан - құрғақ далаға дейінгі топырақты аймақтың барлық ландшафтысын кездестіруге болады. Аудан аумағында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағының  80,5 мың гектар бөлігі орын тепкен. Ақсай және Первомай құрылыс топырағы мен қиыршық тас кеніші, Қаскелең әк тасы мен мәрмәрі кеніштері сияқты пайдалы қазбалары бар.

Соңғы жаңалықтар