Шамамен 10 мың сайлау комиссиясы сайлауды ұйымдастыру және өткізумен айналысады - ОСК

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Шамамен 10 мың сайлау комиссиясы сайлауды ұйымдастыру және өткізумен айналысады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде еліміздегі шетелдік дипломатиялық миссия өкілдеріне арнайы брифинг өткізген ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті.

Учаскелік сайлау комиссиясы шамамен 9728-ді, ал аумақтық, облыстық, қалалық, аудандық сайлау комиссиясы 230-ды құрайтындығын атап өткен оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы жергілікті жерлерде сайлау комиссиялар тарапынан заңның орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырмақ. Әрбір комиссия 7 мүшеден құралады және оның құрамына әр партиядан тек 1 ғана адам мүше бола алады. ҚР Президентіне үміткер барлық кандидатқа жергілікті органдар тарапынан арнайы кабинеттер бөлінеді. Сондай-ақ бюджеттен әрбір кандидатқа БАҚ-тарда сұхбат беруі, үгіт-насихат материалдарын әзірлеуі және көлік шығындары үшін арнайы қаржы бөлінетін болады.

«Сонымен қатар кандидаттардың өзінің сайлау қорын құруға мүмкіндігі бар. Менің ойымша, оларда үгіт-насихат жүргізу үшін қаржы жеткілікті болады», - деді В.Фоос.

Соңғы жаңалықтар