Шамамен 60 мың шақырым ұшты: Қазақстан Президенті биыл қай елдерге барды

Сарапшылардың басым көпшілігі Қазақстанға әлемдік алпауыттардың бәрімен – АҚШ, Қытай, Еуроодақ және Ресеймен жақсы өзара қарым-қатынасты ұстануы маңызды деп санайды.

ұшақ
Фото: Мақсат Шағырбаев/ МИА «Казинформ»

Президент ұлықтау рәсімінен кейінгі 1 жылдың ішінде олардың бәріне барып шықты. Осы орайда Tengrinews.kz редакциясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 7 жылдық мерзімінің алғашқы жылындағы сапарлары жайлы жазды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстан түркі әлемінің бөлшегі әрі Түркі мемлекеттері ұйымы көшбасшыларының бірі саналады. Қасым-Жомарт Тоқаев ірі өңірлік державаға айналған Түркияға екі рет барды. Өркендеп келе жатқан ислам әлемі еліміз үшін тағы бір басымдық. Президент ірі халықаралық инвестор саналатын Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне сапар жасап үлгерді.

Президент сонымен қатар көршілерді де естен шығармайды. Осы жылдың ішінде Түрікменстанды қоспағанда барлық Орталық Азия елдеріне сапарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 19 сапары барысында 60 мың шақырымға жуық ұшты. Бұл Жер шарын экватор боймен 1,5 есе айналып өткенмен тең. Сонымен қатар бұл 1 айдан астам уақыт бойы жолда жүру, үнемі сағат белдеуінің ауысуы және Қазақстанның мүддесін нық қорғау қажетті ондаған кездесулер де.

Өткен уақыттағыларға қарағанда бұл сапарлар өзара сипатқа ие. Бұл еліміздің халықаралық және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке беделінің мойындалуын білдіреді.

Редакция сұрау салған сарапшылар бұл сапарлардың бірнеше нәтижесін атап өтті.

Біріншіден, бұл – еліміздің қауіпсіздігінің нығаюы. Қазақстан қазіргі уақытта геосаяси теке-тіресте тұрған елдермен достық немесе серіктестік қарым-қатынасты ұстанады. АҚШ-пен Еуроодақ та, Қытай мен Ресей де елімізбен тұрақты саси, экономикалық және мәдени ынтымақтастыққа мүдделі. Бұл белсенді көпвекторлы саясаттың нәтижесі. Соның арқасында қазақстандықтардың төбесінде бейбіт аспан сақталып отыр.

Екіншіден, халықаралық нарықтағы күрделі жағдайда Қазақстан шетелдік инвесторларды тартуда.

Ресми деректерге сәйкес, 2022-2023 жылдары елімізге 41,3 млрд доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Мәселен, Президенттің Қытайға соңғы сапары барысында 16,5 млрд доллардың келісімшарты жасалды. Әлемдік нарықтағы күрделі жағдайға қарамастан Қазақстанның экономикасы да, ел халқы да өсіп келе жатыр.

Үшіншіден, еліміздің көлік-логистикалық әлеуеті кеңейіп келеді. Төртіншіден, азаматтарымыздың шетелде білім алу мүмкіндігіктері артып келеді. Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филалдары Қазақстанда ашылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар