Шәмші Қалдаяқовқа арналған ескерткіш жобалар конкурсында шымкенттік мүсінші жеңді

Конкурсқа қатысушылар алдына Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішін жасау міндеті қойылған болатын. Ескерткіш композитор атындағы Шымкент филармониясының алдына орнатылмақ.
Ұсынылған он жобаның ішінен қазылар алқасы шымкенттік мүсінші Әбдікәрім Ахметовтың жұмысын үздік деп таныды. Комиссияның пікірінше, мүсінші өз жұмысында «Вальс королі» атанған Шәмшінің қарапайым адам ретіндегі және дарынды тұлға ретіндегі тұлғасын аша алған.
«Мен өмірімде Шәмші Қалдаяқовпен екі рет кездестім. Ол маған өте қарапайым және ашық адам ретінде әсер қалдырды. Мен оны дәл сондай етіп бейнелегім келді», - дейді А.Ахметов.
Қазылар алқасы өз тарапынан бір ұсыныс жасады - ескерткішке Қазақстан әнұранының мәтіні жазылған фон қосуды өтінді.