Шаңғымен тұғырдан секіру: ел құрамасы Швейцариядағы жарыстағы нәтижесі қандай

АСТАНА. KAZINFORM — Швейцарияның Айнзидельн қаласында Халықаралық шаңғы және сноуборд федерациясының (FIS) ұйымдастыруымен өткен шаңғымен тұғырдан секіруден халықаралық жарыстар аяқталды.

Шаңғымен тұғырдан секіру: ел құрамасы Швейцариядағы жарыстарға қатысты
Фото: ҚР ҰОК

Әйелдер арасында құрлықаралық кубок кезеңдері өтті. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы сапындағы ең үздік нәтижені Алена Свириденко көрсетті. Ол 21-орынға ие болды. Виктория Рулева 42-орын, Вероника Шишкина 48-орын алды.

Екінші жарыста Вероника Шишкина 44-орынға тұрақтады. Виктория Рулева 46-орын, Алена Свириденко 50-орыннан көрінді.

Ерлер арасында FIS Cup бәсекелері ұйымдастырылды. 12 қыркүйектегі жарыста Даниил Калинкин финалдық кезеңге жолдама алып, жарысты 27-орынмен аяқтады. Давид Гааль 52-орын, Артем Мешков 56-орын алды.

Екінші жарыс күні қазақстандықтар арасындағы үздік нәтижені Девяткин көрсетті — 31-орын. Даниил Калинкин 35-орын, Артём Мешков 45-орын, Давид Гааль 54-орынға орналасты.

Еске салайық, бұған дейін биылғы Азия ойындары ел намысын 559 спортшы қорғайтынын хабарлағанбыз.