22:54, 17 Қаңтар 2025 | GMT +5
Шаңғымен тұғырдан секіру: Польшада өтетін әлем кубогына 4 қазақстандық қатысады
АСТАНА. KAZINFORM - 17 қаңтар күні Закопане (Польша) қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогы кезеңі басталады.

Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы бұл жарысқа төрт спортшыны қатыстыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, әлем кубогында Илья Мизерных, Данил Васильев, Сабыржан Муминов және Святослав Назаренко өнер көрсетеді.
17 қаңтар күні іріктеу кезеңі өтеді. Бұл кезеңге барлығы 57 спортшы қатысады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Биатлоннан өтетін әлем кубогы кезеңінде эстафетаға қатысатын қазақстандық спортшылар анықталғанын жазған едік.