Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Үрімшідегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

бейкүнә қаза болғандардың туған туыстары мен жақындарына, сондай-ақ осынау қақтығыстарды бастағандардың әрекеттерінен зардап шеккендерге Ұйым Хатшылығының атынан шынайы көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Б.Нұрғалиев, ШЫҰ елдерінің Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесін Қытай Халық Республикасының ажырамас бөлшегі ретінде қарастыратынын және онда болып жатқан жағдайдың Қытайдың өз ішкі ісі деп санайтынын атап көрсетті. Бас хатшы, Қытай өкіметінің Шынжаңдағы қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру жөніндегі заң аясындағы әрекеттері жақын арада тыныштықты қалпына келтіруге және қалыпты өмір мен жұмысқа оралуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне үміт білдірді.
Б.Нұрғалиев сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін лаңкестікпен, сепаратизммен, экстремизммен және трансшекаралық ұйымдасқан қылмыспен күресудегі ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуге әзір екенін жеткізді.