Шанхайда қазақстандық студенттердің спартакиадасы өтті

ЙЖІҢ-ШАНХАЙ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Шанхай қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған студенттік спартакиада өтті.
None
None

13 қарашада болған спартакиадаға Шанхайдың алты жоғары оқу орнынан 10 студенттік команда қатысып, 60 және 100 метрге жүгіруден, командалық эстафетадан, армрестлингіден, арқан тартудан, қаппен секіруден және басқа да спорт түрлерінен сайысқа түсті.

«Азия және Океания халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілі Қайыржан Ермановтың айтуынша, спартакиада мәдени-бұқаралық және спорттық іш-шаралар ауқымында өткізілді және ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды.

Спартакиаданы ұйымдастыруға және өткізуге Шанхай қаласындағы Kazakh connection жастар студенттік ұйымының мүшелері белсене атсалысты.

Спартиакиада нәтижесі бойынша жеңімпазкомандалар грамоталармен және медальдармен марапатталды. Бірінші орынды «Тонджи» университетінің қазақстандық студенттері командасы жеңіп алды, екінші орында - Шығыс Қытай ғылым және технологиялар университеті, үшінші орында - Шанхай шетел тілдері университетінің студенттері.

Соңғы жаңалықтар