Шанхайда қазақстандықтар дауыс беріп жатыр

ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - Шанхай қаласындағы №294 учаскеде дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.
None
None

Қытайда сайлау Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05:00-де басталған болатын.

Сайлау учаскесінде Қытайдың Цзянсу, Цзянси, Аньхой, Чжэцзян, Фуцзян провинцияларында және Шанхай қаласында тұратын және ұзақ уақыт іссапарда жүрген қазақстандықтар келіп дауыс беруде.
Шанхай қаласындағы сайлау учаскесінде бірінші болып Шанхай университетінде «режиссура» мамандығы бойынша білім алатын 3 курс студенті Тамерлан Жолдасов дауыс берді.

«Бүгін шындығында менде жұмыс өте көп еді, дауыс беруге үлгермей қалуым мүмкін деп алаңдадым. Сондықтан бүгін ерте тұрып, бірден дауыс беруге келдім. Бұл әр азаматтың парызы. Қазақстанның болашағына қатысты науқаннан шет қалмау керек. Мен алғаш рет Президент сайлауында дауыс беріп отырмын. Бұған дейін мен 2016 жылы Мәжіліс депутаттарының сайлауына қатысқан едім», - деді ол.

Еске салсақ, Қытайдағы қазақстандық дипломаттар алғашқылардың бірі болып дауыс бергендігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар