Шанхайда Қытайға экспортталатын қазақстандық өнімдер талқыланды
Делегация құрамында - ҚР Ауыл шаруашлығы вице-министрі Гүлмира Исаева, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Жомарт Нүркенов, Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Ержан Айнабеков, «Азық-түлік келісімшарттары корпорациясы» ҰҚ» АҚ төрағасының орынбасары Дәурен Есмағамбетов бар.
«Бүгінгі таңда әлем бойынша азық-түлік өнімдерінің сапасы мәселесіне баса назар аударылады. Тамақ өнімдерінің ұлттық стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес үйлестірудің маңыздылығы сонда. ҚХР-ының сапа, инспекция және карантинді бақылау бас басқармасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне өнімдердің стандарттарын үйлестіру бойынша бірлесе жұмыс атқаруға, сондай-ақ басқа да стандарттарды дайындауға ұсыныс жасады», - деді ҚазАқпаратқа берген сұхбатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.Исаева.
Әлемнің 37 елінен келген 680 делегаттың қатысуымен өткен конференция «Сапа сауда-саттықты жақсартудың негізі және тауарлармен қамтамасыз ету, болашаққа жол» тақырыбында өтті.