Шанхайда ұшақ көпірге соғылды (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхайда гидроұшақ көпірге соғылды, деп хабарлады РИА Новости Халықаралық қытай радиосына (CRI) сілтеме жасап.

Шанхайда ұшақ көпірге соғылды (ВИДЕО)

Радионың ақпаратынша, оқиға қаладағы жағажайлардың бірінде орын алды. Бұл құны шамамен 4,5 миллион долларды құрайтын гидроұшақтың алғаш рет ұшуы еді.

Ұшақ бортында он адам - екі ұшқыш пен сегіз жолаушы болған. Төртеуі құтқарылды, қалғаны іздестірілуде.

Апатқа техникалық ақаулық себеп болуы мүмкін екені хабарланды.

Қытай орталық телеарнасының (CCTV) хабарлауынша, оқыс оқиға жергілікті уақытпен сағат 12.15 (7.15 мск), ұшқаннан 10 минут өткен соң орын алды. Ұшақ Цзиньшань ауданынан Чжоушань қаласына бағыт алған.