Шаолинь ғибадатханасының бастығын тергеп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Орталық Қытайдың Хэнань провинциясындағы Шаолинь ғибадатханасының бастығы Ши Юнсиньді бірнеше ведомство тергеп жатыр. Бұл туралы ғибадатхана әкімшілігінің жексенбі күні жарияланған мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.

Ши Юнсинь
Фото: oxu.az

Ши Юньсинь қылмыстық құқықбұзушылықтар, соның ішінде ғибадатхана қаражаты мен мүлкін жымқыру және иемдену деген күдікке ілінді. Ол сондай-ақ буддалық өсиеттерді өрескел бұзды, бірнеше әйелмен ұзақ уақыт бойы орынсыз қарым-қатынаста болды және кем дегенде бір некесіз баласы бар деп айыпталып отыр. 

Мәлімдемеде қосымша ақпараттың халыққа дер кезінде қолжетімді болатыны айтылған. 

Айта кетелік Қытайдың 5 өңірінде су тасқынына байланысты төтенше әрекет режимі енгізілген еді

Сонымен қатар АҚШ пен Қытай жасанды интеллект саласында көшбасшы атанған еді

Соңғы жаңалықтар