Шарбақты ауданында алғашқы рет қазақ тілінде аудандық газет шыға бастады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Маралды» газетінің қазақ тіліндегі бірінші нөмірі Шарбақты ауданында (Павлодар облысы) жарық көрді, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.
None
None

Бұл аудан тарихында қазақ тіліндегі бірінші басылым. Бұрын осы атаумен орыс тіліндегі «Трибуна» газетіне қосымша ретінде шыққан.

Қазақ тіліндегі жаңа газет төрт бетте шығады, екі газетке де жеке жазылу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні «Маралды» газетінің таралымы бес жүз дананы құрап отыр. Бұл облыстағы мемлекеттік тілдегі аудандық бесінші басылым.

Өңір басшысы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, қазақ тіліндегі газеттер Павлодар облысының барлық аудандарында жарыққа шығатын болады.

Соңғы жаңалықтар