Шарбақты ауданының ауылдарында спорт алаңдары ашылуда - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Шарбақты ауданында жыл сайын спорттық нысандардың саны өсіп келеді, деп хабарлады аудандық әкімдіктің дене шынықтыру және спорт бөлімінен.
None
None

Жаңа ауыл селосында жаңа стадион салынып отыр, оны ауыл тұрғындары жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен тұрғызды. Ал Чигириновка селосының мәдениет үйінде дзюдошыларға арналған спорт зал ашылды, кең залдардың бірі жөндеуден өткізіліп, аудандық бюджеттің есебінен 300 мың теңгеге тренажерлар сатып алынды.

Бүгінде ауданның ауылдарында 69 спорттық нысан жұмыс істеп, оларда дене шынықтырушылардың 46 ұжымы жаттығуда. Шарбақты аудан орталығында бассейні мен спорт залдары бар облыстағы ең үздік спорт кешендерінің бірі жұмыс істейді.

Ауылдарда жаздың қарсаңында ашық спорт алаңдары да ретке келтірілді. Ауданда ауыл тұрғындарының 18 пайызы спорт түрлерімен айналысады.

Соңғы жаңалықтар