Шарбақты тұрғыны саңырауқұлақтың орнына сора жинап, істі болды - Павлодар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шарбақты аудандық сотында 1986 жылы туған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазды pavlodarnews.kz.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті Шарбақты ауылының оңтүстік шығысына қарай саңырауқұлақ жинауға барған. Алайда «конопля» тұқымды шөпке көңілі ауып, өсімдікті жинап алған. Үйге қайтып келе жатып, полиция қызметкерлерімен ұсталған.

- Сот отырысында сотталушы кінәсін толығымен мойындап, есірткіні өзінің қолдануы үшін жинаған, сатуға ойы болмағанын айтты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен, есірткі затын ірі көлемде заңсыз сақтағаны үшін айыпты деп танылып, 240 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады, - деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар