22:49, 03 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Шардаралық спортшылар әлем кубогін жеңіп алды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Польшаның Румиа қаласында армрестлингтен кәсіпқойлар арасында әлем кубогі үшін байрақты бәсеке өткен болатын. Сайысқа әлемнің 52 мемлекетінен 364 саңлақ қатысты.
Қазақстан құрамасы сапындағы 7 спортшының 6-уы шардаралық спортшылар. Оғландарымыз финалға дейін Латвия, АҚШ, Франция, Германия, Украина, Польша құрамаларының аптығын басты. Ал, финалда Ресей құрамасын мойындатып, кәсіпқойлар арасындағы әлем кубогін тұңғыш рет жеңіп алды. Польшадағы жарыста ел намысын Медет Оразбеков, Талғат Ақтаев, Қайырхан Шәмиев, Мағжан Шәмиев, Шынболат Райханов, Қыдырғали Оңғарбаев (барлығы Шардара ауданынан) және Дмитрий Трубин (Тараз) қорғады. ОҚО армрестлинг федерациясының вице-президенті Нұралы Сапаровтың айтуынша, қазақстандық спортшылардың жетістігін әлемнің спорт мамандары жоғары бағалаған, - деп жазады «Оңтүстік Қазақстан» газеті.