Шарджадан Алматыға тағы 167 қазақстандық оралды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы халықаралық әуежайына Біріккен Араб Әмірліктерінен тағы 167 қазақстандық оралды. 

Шарджадан Алматыға тағы 167 қазақстандық оралды
Фото: Алматы қаласы ӨКҚ

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, ұшақ Flight 251 эвакуациялық рейсімен Шарджа қаласынан ұшып келді. Әуежайда елге оралған отандастарымыззды туған-туыстары күтіп алды.

– Бізді қиын жағдайда қалдырмай, көмек берген мемлекетімізге өте ризамыз. Президентке, елге оралуымызға көмектескен СІМ қызметкерлеріне көп рахмет. Мұндай қолдау адамды кәдімгідей жігерлендіріп жібереді екен, - деді жолаушылардың бірі.

Еске салайық, кеше Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша ұшқан Boeing 767 ұшағы елге 314 адамды, соның ішінде балалы отбасыларды жеткізді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум